Scorpions в Алматы

Концерт «Құрманғазы – рухты саздың сардары»

2022  / 2023     Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал      Х маусым

19 наурыз * жексенбі * 18.00

 

Концерт

«Құрманғазы – рухты саздың сардары»

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Биыл аты аңызға айналған қазақ композиторы, домбыра мектебінің негізін қалаушы, авторлық орындаушылық мәнерді қалыптастырушы, қазақ халық музыка мәдениетінің дамуына зор ықпал еткен Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуда.

«Астана Опера» театры мерейтойға орай бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлаған. «Құрманғазы – рухты саздың сардары» концерті белгілі күйшілер мен жас аспапшылардың қатысуымен өтеді.

Ұлы композитор әрі күйші Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жанғали Жүзбай сыр шертеді.

 

 

 

БАҒДАРЛАМА

«Күй атасы»Жыр шашу

Еркебұлан ҚАЙНАЗАРОВ, ақын, «Алтын домбыра» Республикалық ақындар айтысының жүлдегері

 

Құрманғазы. «Айда бұлбұл, Айжан-ай»

Халық күйі «Желдіртпе Ақжелең»

Айтжан ТОҚТАҒАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Құрманғазы. «Ақбай»

Жантөре. «Шалқыма»

Орынбай ДҮЙСЕН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Құрманғазы. «Байжұма»

Махамбет Өтемісұлы. «Жұмыр қылыш»

Тұрар ӘЛІПБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

 

Әбікен Хасенов. «Қоңыр»

Ғалым АХМЕДЬЯРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Құрманғазы. «Қайран шешем»

Дина. «Бұлбұл»

Абылғазы АХМАДИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Боғда. «Жем суының тасқыны»

Қазтуған жырау. «Қоштасу»

Еділ БАСЫҒАРАЕВ, Мәдениет саласының үздігі

 

Исламбек Исқақов. «Паравоз»

Жалдыбай. «Қара жорға»

Бақытжан ДҮЙСЕНҒАЗИНОВ, Мәдениет саласының үздігі

 

Мүкей. «Қос басқан қоңыр»

Бейсембі. «Кеңес»

Ақжусан ИМАНҒАЗЫҚЫЗЫ, Республикалық конкурстардың лауреаты

 

Тәттімбет. «Саржайлау»

Мағауия Хамзин. «Қосбасар»

Қайрат АЙТБАЕВ, Мәдениет саласының үздігі

 

Ахат Байбосынов. «Аққу үні»

Манарбек Ержанов. «Аққулар»

Марат НҮКЕЕВ, ҚР мәдениет қайраткері

 

Халық күйі «Қорқыттың күйі»

Бауыржан Мұхаметбай. «Байтағым»

Бауыржан МҰХАМЕТБАЙ, Республикалық конкурстардың лауреаты

 

Ықылас. «Жезкиік»

Қорқыт. «Қоңыр»

Алмат САЙЖАН, Мәдениет саласының үздігі

 

Нұрғиса Тілендиев. «Арман»

Тұраш Әбеуов. «Арнау»

Батырлан ӘБЕНОВ, Мәдениет саласының үздігі

 

Қожеке Назарұлы. «Бес жорға»

Махамбет Өтемісұлы. «Қайран Нарын»

Бауыржан БЕКМҰХАНБЕТ, Республикалық конкурстардың лауреаты

 

Құрманғазы. «Күреңше»

М.Өскенбаев. «Құрманғазыға арнау»

Жұмабек ҚАДЫРҚҰЛОВ, Мәдениет саласының үздігі

 

Құрманғазы. «Арба соққан»

Құрманғазы. «Терісқақпай»

Абылайхан ОРМАНБЕК, Республикалық конкурстардың лауреаты

 

 

Концертті жүргізуші – профессор Жанғали ЖҮЗБАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері