rebranding

Концерт «Ұлы шеберді еске алу» (Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына орай)

2022/2023            Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал            Х маусым

17 ақпан  * жұма * 19.00

 

«FORTE-TRIO шақырады» топтамасы

 

Концерт

«Ұлы шеберді еске алу»

(Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына орай)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының FORTE-TRIO ҚР мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында ұлы орыс композиторы Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына орай «Ұлы шеберді еске алу» концертін ұсынады.

FORTE-TRIO ұжымының барлық музыканттары – танымал әртістер, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

FORTE-TRIO аспаптық музыка сүйер қауымды өз өнерлерімен үнемі қуантудан танған емес және жаңа бағдарламада Сергей Рахманиновтың камералық шығармаларын ұсынады.

С.Рахманинов музыкасының жарқын эмоционалдылығы – Чайковскийден мұраға қалған қасиет әуеннің бейнелілігі және әсемдігімен үндесе отырып, оның музыкасын қол жетімді, қабылдауға жеңіл әрі түсінікті етіп жасады.

 

БАҒДАРЛАМА:

С.Рахманинов.

Фортепиано, скрипка және виолончельге арналған №2 элегиялық трио, ре минор, op. 9

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

 

«FORTE TRIO» ҚР мемлекеттік триосы, құрамы:

Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано)

Мақсат ЖҮСІПОВ (скрипка)

Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель)

 

Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

 

Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады