«MAGIC OF QOBYZ» концерті Астана қаласында

MAGIC OF QOBYZ
Сізді қиялға жетелейтін әуендер әлеміне шақырамыз! Дарынды қобызшы Олжас Құрманбек өзінің ерекше концертінде қазақтың ежелгі қобызының барша мүмкіндіктерін ашады. 

Бұл кеште сіз күтпеген каверлер, әйгілі "Gladiator", "Game of Thrones" және "Duna" және тағы да басқа фильмдерінің саундтректері, Олжас Құрманбектің авторлық шығармалары, сондай-ақ қазақ композиторларының музыкасын және әлемдік хиттарды тыңдай аласыз. Бағдарлама көнеден бүгінге дейінгі музыкалық дәуірлердің алуан түрін қамтиды.

Концерт музыка сүйер қауым үшін нағыз мерекеге айналады. Олжас Құрманбек еліміздің танымал өнерпаздарымен, атап айтқанда, ішекті аспаптар оркестрі, «Saz & Soul» тобы, Ренат Гайсин, Puza, Темірлан және Ернатпен бірге өнер көрсетеді. Бұл кеш өнер мен музыканың ғажайып әсерімен есте қалары сөзсіз!

Осы керемет кештің куәсі болып, жанды музыканың сиқырлы әсерін сезінуге шақырамыз.