Классикалық хор музыкасының концерті
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы классикалық хор музыкасының концертіне қуана шақырады.
Для своих любимых зрителей камерный хор исполнит казахские народные песни и сочинения великих авторов, в том числе Абая, Акан Сери, Жаяу Мусы, Сакена Сейфуллина, Шамши Калдаякова.
Өзінің 20 жылдан астам тарихында жоғары кәсіби ұжым музыкаға деген құрметпен және ұқыпты қарым-қатынасымен, қажымас шығармашылық ізденісімен, ұлттық, классикалық шетелдік шығармалар мен заманауи отандық авторлардың шығармаларын орындаудың ерекше стилімен көптеген жоғары өнерді бағалаушылардың жүрегін жаулап алған еді.
Кештің қонағы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелланың көркем жетекшісі және бас дирижері Бейімбет Демеуов.
Хордың көркем жетекшісі - «Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі», дарынды музыкант және дирижер Мәдина Нұрғожинова. Хормейстер - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Павлодар камералық хорының негізін қалаушы - Мәдина Жармұхамбетова.