Концертная программа эстрадно-симфонического оркестра «Астана»
Өтетін орны: «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34
Күні: 2022 жылғы 7 қазан
Басталуы: 19:00
Әртістер: «Астана» ЭЖҰ.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің кавалерлері: Еділ Хусаинов, Нұргүл Сапарова және Ермек Магавин.
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Әлібек Әлмадиев, Татьяна Ким, Айсұлу Жак, Зарина Божакова, Өнербек Құлов, Глеб Паныч, Ғани Рустамбеков, Олжас Аманбаев, Ақжол Исин және басқалары.
Көркемдік жетекшісі: Ержан Исин
Бас дирижер: Мұхаммад Мұса
Дирижер: Әліби Әбдінұров
Бағдарлама: концерттік бағдарламада белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал вокалдық, аспаптық, джаз және классикалық шығармалары орындалады.
Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут
Жас шектеуі: 5+
Қосымша:
«Жастар» Сарайы елорда тұрғындары мен қонақтарын аспаптық музыка кешіне шақырады.
Сахнада елордалық әкімдіктің «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртістері өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламада белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал вокалдық, аспаптық, джаз және классикалық шығармалары орындалады.
Көрермендер алдында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің кавалерлері: Еділ Хусаинов, Нұргүл Сапарова және Ермек Магавин өнер көрсетеді.
Сондай-ақ, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Әлібек Әлмадиев, Татьяна Ким, Айсұлу Жак, Зарина Божакова, Өнербек Құлов, Глеб Паныч, Ғани Рустамбеков, Олжас Аманбаев, Ақжол Исин және т.б. өз шығармашылығымен қуантпақ. Ұжымның көркемдік жетекшісі Ержан Исин, бас дирижері-Мұхаммад Мұса, дирижері-Әліби Әбдінұров.
«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі ұжымының құрамында 80-ге жуық адам бар.
Олардың барлығы-сүйікті аудиториясына өнер сыйлайтын кәсіби музыканттар. Концертте танымал туындылар айрықша интерпретацияда шырқалады. Жаңа оқу мен ерекше аранжировканың арқасында тыңдарманның сүйікті композициялары жаңаша шырқалады.