Jullien Dassin

Be my love концерті

КАМЕРАЛЫҚ ЗАЛ
«Bel Canto музыкалық салоны» тақырыптық абонементі.

«Be my love» концерті

5 наурызда «Астана Опера» Камералық залында «Bel Canto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Be my love» концерті өтеді.
Бұл нағыз музыкалық шоу – көктем мерекесіне орай ерлердің сүйікті әйелдеріне арналған әдемі сый. «Астана Опера» театрының үздік тенорлары, баритондары мен бастары тамаша ханымдар үшін әлемдік опера классикасынан ең қызықты, құмарлы, лирикалық арияларды, сондай-ақ қазақ, орыс, неаполитан әндері мен романстарын орындайтын болады. Сондай-ақ, үздік нәзік жанды опера әншілері өз өнерін көрсетеді.