Қайшылықтар/Серенада

25-26 мамырда «Астана Балет» театрында Дж. Баланчиннің «Серенада» және Р. Терранованың «Қайшылықтар» атты бір актілі балеттерінің премьерасы өтеді.

Қайшылықтар/Серенада

Джордж Баланчиннің «Серенада» бір актілі балеті -  әлем мойындаған неоклассика биінің шедеврі.

«Көпшіліктің ойынша, бұл балеттің құпия сюжеті бар  – дейтін, Баланчин. –  Бірақ, олай емес. Мұнда бишілер ғажам музыкаға билеп қана қояды. Балеттің жалғыз сюжеті – серенада музыкасы, егер қаласаңыз, бұл  – айлы түндегі би». Сырт қарағанда қарапайым көрінгенімен, "Серенада" техникалық, музыкалық және стилистикалық тұрғыдан өте күрделі. Ғажайып, мәңгі өнерге бір табан жақындаған көрерменнің жүрегі елжіреп, толқи түседі. Джордж Баланчиннің П.Чайковскийдің Ішекті аспаптар оркестріне арналған серенада музыкасына қойылған «Серенада» балеті Джордж Баланчин қорымен ынтымақтастықта жасалып, Баланчин стилі мен техникасының стандарттарына толық сәйкес келеді.

 

 

Рубен Терранованың «Қайшылықтар» балеті

Рубен Терранованың Қайшылықтар балеті түстерді, музыкалық композицияларды, жарық пен көлеңке, қиял мен шынайы өмірді қарама-қарсы қояды. Мұнда бәрі бар: қайшылықтың ішіндегі қайшылық, әрбір сәттегі өзгеріс. Көлеңке жарықты өшіреді; бір пішін басқа пішіннен шығады, бұл өзінен өзгенің бәрінің бейнесі. Көрермен қауым өзін қиял әлеміне енгендей сезінеді. "Біздің бәріміз  - қиялымыздың бір парасымыз. Мұндағы қуатты қаншалықты екенін ешкім білмейді. «Қайшылықтар» балетінің эпизодтары – жанымыздың қалауы. Қиялдың өзі - қажеттілік», - деп есептейді, Бразилиялық қоюшы–хореограф Рубен Терранова.