Жұлдыздар жанғанда (Өзбекстан)
Қойылым 10 жастан асқан көрермендерге арналған. Ондағы барлық оқиғалар көрермендерді философиялық ойларға тартпақшы... Бірінші бөлімде қарапайым үйдегі, ауылдағы өмір бейнеленген. Біз адамдар мен жануарлардың өмірін тамашалай аламыз. Бәрі өз шаруасымен әлек. Бұл туынды ауылдағы өмір туралы жылы және жағымды естеліктерге толы. Бізді адам көзіне көрінбейтін көптеген ғажайыптар қоршайды. Алайда жұлдыздар жанғанда қандай құпия оқиғалар орын алатынын елестетіп көрейікші. Туындыны ұсыну тәсілі өте ерекше, себебі қойылым ешбір сөзсіз өтпек, қойылым артық сөздерді қажет етпейді де, олардың орнына сезімдер сөйлемек...
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!