Scorpions в Алматы

«Князь Игорь»

2019/2020            Үлкен  зал                    VIІ маусым

29 қараша / 1 желтоқсан  *  жұма, жексенбі  *  19.00 / 18.00

 

Д.А.Хворостовский атындағы

Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының

ГАСТРОЛІ

2019 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Д.А.Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Сергей Бобровтың жетекшілігімен театр гастролі өтеді.

Красноярск опера театры өзінің алғашқы маусымын 1978 жылдың 20 желтоқсанында ашқан. Театр репертуарында барлық опера және балет классикасы қамтылған. Театр мақтанышы – уақыт сынынан өтіп, көпшіліктің сүйіктісіне айналған әрі сыншылар тарапынан бағаланған спектакльдер, сонымен қатар соңғы жылдардағы қойылымдар.

Театр елордалық көрермендерге екі спектакльді – Александр Глазуновтың «Раймонда» балеті мен Александр Бородиннің «Князь Игорь» операсын ұсынады.

 

 

Александр  Бородин. «Князь Игорь»

«Князь Игорь» – «Игорь полкы туралы сөз» әдеби естелігінде суреттелген тарихи оқиғалардың музыка арқылы баяндалуы.

Бұл – керемет ариялармен, түрлі хор көріністерімен, әсемдігі жағынан таңғажайып балет нөмірлерімен қаныққан өмір мен махаббатқа деген тайсалмас құштарлық, алып ұшқан батылдық және парыз туралы опера.

Красноярлықтардың қойылымындағы «Князь Игорь» – саны жағынан көп әртіс қатыстырылған ауқымды да ғаламат спектакль. Декорациялар мен костюмдер керемет көркемдігімен, мол безендірілуімен ерекшеленеді. 

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Музыкалық жетекшісі әрі дирижері – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Анатолий Чепурной

Қоюшы режиссер – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Юлиана Малхасянц

Қоюшы суретші – Дмитрий Чербаджи

Хормейстер – Дмитрий Ходош

«Қыпшақ билерінің» хореографиясы – Касьян Голейзовский

Дирижерлер – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Александр Косинский, Александр Юдасин, Алексей Никонов