Scorpions в Алматы

«Көктем вальсi»

2018 / 2019               Камералық зал                   VІ маусым

28 сәуір * жексенбі * 18.00

Концерт

«Көктем вальсi»

28 сәуір күні Камералық зал сахнасында опера солистері мен оркестр әртістері ұлттық композиторлық мектептің негізін салған қазақстандық авторлардың туындылары шырқалатын «Көктем вальсі» концертін ұсынады.

Бағдарламада Л.Хамиди, М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Қ.Мусин, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, Е.Рахмадиев, Н.Мендіғалиев және т.б. композиторлардың камералық-вокалдық музыка жауһарлары шырқалады.

Опера солистері, аспапшы музыканттар мен концерт қонақтарының орындауындағы С.Мұхамеджановтың, Ғ.Жұбанова мен А.Зацепиннің атақты «Көктем вальстері» мерекелік көңіл-күйді орнататын болады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ғалия Байғазинова (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Бибігүл Жанұзақ (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Айзада Капонова (сопрано), «Құрмет» орденінің кавалері

Дина Хамзина (меццо-сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ерұлан Кәмел (тенор)

Алмат Избамбетов (тенор)

Азамат Жылтыркөзов (баритон), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бағдат Әбілханов (скрипка), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Курванжан Ахатов (виолончель)

Фортепиано партиясында – Раушан Бескемпірова, Жанар Ахметова

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады