Кішкентай адамның үлкен трагедиясы І. Омаров атындағы театрының Ақтау қаласындағы гастролі

Кішкентай адамның үлкен трагедиясы І. Омаров атындағы театрының Ақтау қаласындағы гастролі

Өтетін орыны: Ақтау қаласы, «Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының» сахнасында

Автор: А.П. Чехов

Премьера күні: 12, 14 наурыз 2021 ж.

Режиссёр: Баатырбек Шамбетов

Актерлар: 

Жанр: қалжыңсыз комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут

Жас санаты: 

Қосымша: Ілеспе аудармасы бар

 

 

Орыстың ұлы жазушысы А. П. Чеховтың «Қорғансыз жан», «Қаскүнем», «Жуан мен жіңішкеден», «Қонақ», «Дипломат», «Ынжық» атты әңгімелерінде  адамның надандығын, билік пен қарапайым шаруа санасының түйіспеуін, жағымпаздықтың жиіркенішті көрінісін, ақшаның алдында адамгершіліктің құнсыздануын, ащы шындықтан қарағанда, тәтті өтірікке құмарлығын, құлдық сананың адам бойына сіңіп кеткенін көрсетеді.

Осы оқиғаларды «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» атты бір қойылымда тоғыстырған туындының көтерген тақырыбы өте ауқымды, әрі өзекті.  Қалжыңсыз комедия жанрындағы қойылымда күлкілі жағдайлар көп орын алуы мүмкін, бірақ оның арғы жағында үлкен трагедия жатыр. Қойылым өмір шындығына терең бойлап, қоғам кеңістіктеріндегі әлеуметтік-философиялық тақырыпта ой қозғайды.

Адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты екендігін естен шығармауы тиіс. Автор құлдық сананың тамшыларын адам бойынан сығып алудың керемет үлгісін көрсетеді. Ол  заманауи эффектілерден бас тартып, бет пердесіз шынайылыққа бір қадам жақындата түседі.