Кентервильдік елес
Әйгілі ағылшын жазушысы Оскар Уайльд туындысы бойынша құрылған ертегі. Әзілкештік новелла, философиялық мейірімді повесі, фантастикалық және шынайы дүниелер тоғысқан 19 ғасырдың соңындағы буржуазиялық қоғамға қатысты өзіндік сатира.
Кентервиль елесі ұзақ жылдар бойы мекен етіп келе жатқан ортағасырлық ақсүйектер сарайында қоныстанған кейіпкерлердің жарқын мінездері, олардың бір-біріне деген қарсылығы, Вирджинияның ғажайыптарға деген сенімі - осының бәрі қойылымды қызықты әрі есте қаларлық етеді.
Әрбiр көрерменге өзiн қонақ сезiнетiн ескi сарайдың әсерлi безендірулері аясында актерлердiң гротескiлiк үлгiдегi жарқын ойыны, сондай-ақ түрлі-түстi костюмдерi әрдайым көрермендердiң осы ертегiге деген қызығушылығы мен назарын аудартады, оның негізгі ойы, барлық уақыттағыдай, отбасы мен өз жақындарына деген махаббат болып табылады.