«Келіндер көтерілісі» KTS
Авторы - С. Ахмад
Комедия
С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» бір отбасының басынан өткеретін күлкілі жағдайларды ашып көрсететін комедия. Бас кейіпкер Фармон ана ұлдарын да, келіндерін де ескі заманның илеуімен жұдырықтай жұмылдырып, тапқан тиін – тебендерін қағып алып, жұмысынан уақытында келіп, жұмысқа уақытында баруларын бәрінен талап етеді. Сондай – ақ, жесірліктің азабын тартқан бәйбіше балалары мен келіндерінен де үй шаруасы мен бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, кіретін кіріс пен шығыстың ара салмағын дұрыс есептеуге шақырады. Бүкіл билікті қолына алып, келіндерінің адымын аштырмаған қылығы келіндерге мүлде ұнамай, ақыры келіндер күйеулерін үгіттеп, кіші және жаңа түскен кенже келіндері Нигора арқылы Фармонға қарсы шара ұйымдастырады. Оны сатира мен келемеж ретінде кем – кетігін бетіне басып, шағын көрініс ретінде көрсетуге тырысады. Ақыры Фармонның ұлдары Етікші шал мен Нигораның режиссурасымен қойылымды жүзеге асырып, өз әйелдерінің кимін өздері киіп, ролдерін ойнап шығады. Сырттан қарап отырған Фармон өз қателігін мойындап, ақыры дұрыс өмір сүріп, әркім өз беттерінше қадам жасауға рұқсатын береді. С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» атты комедиясын қойған ҚР еңбек сіңірген әртісі Р.Баймағанбетов.
Спектакльдің айтары анық, күлкілі жәйттар өмірде кейбір орынсыз болып жататын күйкі тірлікті әжау ете отырып, осындай кемшіліктер мен оғаш қылықтар жасамауға үндейді. Отбасының тірегі ана, ерлі – зайыптылардың бір – біріне деген силастығы, ағайын адамдардың жақсы қасиет пен бірліктері, өмір ағымының талабы сынды дүниелер суреттеледі.