97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

KAZAKH OPERA GALA

Билет сатып алу

ХІІ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

KAZAKH OPERA GALA

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

2024 жылғы 7 қыркүйекте «Астана Опера» ХІІ театр маусымының шымылдығын Kazakh Opera Gala ғаламат концерттік бағдарламасымен ашады. Опера труппасының жетекші солистері мен театрдың бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен симфониялық оркестрдің орындауында А.Жұбанов, Л.Хамиди, Е.Брусиловский, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов сынды қазақстандық композиторлардың операларынан ариялар мен симфониялық үзінділер шырқалмақ.

«Астана Опера» театрының опера солистері, хоры және симфониялық оркестрі

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.