Қарыз бен Қаспақ

«Қарыз бен Қаспақ»Автор: Б.Әлімжанов

Премьера күні: қараша, 2020 жыл

Режиссёр: Бекболат Құрманғожаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов

Балетмейстер: Шырын Мустафина

Костюм суретшісі: Алтынбек Ермұхан

Жанр: комедия

Қосымша:

 

 

 

Кейіпкерлер:

  • Қаспақ –Данияр Уразаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Әбутәліп Әмре
  • Баспақ – Елдос Шәйкенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Ербол Тілеукенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Оспақ – Айсұлтан Жалиев, Нұрбек Алибек
  • Тостақ – Ғани Құлжанов, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Бекжан Керімбаев, «Шапағат» медалінің иегері
  • Сәукеш –Диана Сұмағұлова, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері
  • Мадина Май, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері
  • Дәмелі – Мадина Жұмабаева, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Шехназа Қызыханова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Құдағи – Айнұр Рахипова,  ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері, Наурыз Сабағатова
  • Көрші шал – Мұхтархан Манап, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
  • Кемпір – Айгүл Баядилова, Мәдениет саласының үздігі
  •  

Ақша мен материалдық игілік басты құндылыққа айналған қоғамда несие алып, қарызға бату да қалыпты құбылысқа айналғандай. Қаспақ пен  Баспақ және олардың қарсыластары арасында өрбитін шым-шытырық шытырманға толы оқиғаның басты себебі де осы қарыз алу мен сол тығырықтан шығудың қызу қайшылығына құрылған.

Басы дауға қалған Баспақты даудан Қаспақ құтқара ала ма? Әлде досын құн сұраушылардың қанжығасына байлап бере ме? Адам өмірінен ақша құнды болған қоғамда кім жеңеді?..

Осы сауалдарға күлдіре отырып жауап іздейтін қойылым көрерменін де бейжай қалдырмасы анық. Ұтқыр тіркес, қызықты сюжетке құрылған комедия замана келбетін шынайы бейнелейді.