«ЖАНУАРЛАР КАРНАВАЛЫ» (қазақ тілінде)
«Астана Опера» театры жасөспірім көрермендер үшін арнайы жазылған ең танымал шығармалардың бірі – француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» сюитасын ұсынады. Балалар симфониялық оркестр аспаптарының қалай дыбысталатынын естіп, олардың жануарлар мен құстардың дауысына қалай еліктей алатынын білетін болады. Әртістермен бірге балалар қалалық хайуанаттар бағындағы Жануарлар карнавалына тап болады.
Алғаш рет сюита 1886 жылғы 9 наурызда орындалды. Бұл шығарманы тек музыкалық әзіл ретінде есептеген Сен-Санс «жеңіл» музыка авторы атанудан қорқып, көзінің тірісінде оны басып шығаруға тыйым салады. Сөйтіп, «Жануарлар карнавалы» 1921 жылы композитор қайтыс болғанға дейін, тек жеке үйлер мен салондарда ғана орындалып жүрді.
Сен-Санс сюитаның жалғыз бөлімі – виолончель мен фортепианоға арналған «Аққу» пьесасын ғана басып шығаруға рұқсат берді, ол автордың көзі тірісінде музыканттардың репертуарына тұрақты енген болатын. Оның танымалдығына көбіне Михаил Фокиннің ұлы балерина Анна Павловаға арнап қойған «Өлім алдындағы аққу» хореографиялық миниатюрасы себеп болды.
Жалпы «Жануарлар карнавалы» әзілге толы, оның кейбір бөліктерінен танымал музыкалық шығармаларға пародиялар немесе олардан үзінділер естуге болады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ АНСАМБЛІ
Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН
Фортепиано партиясы – Жанар СЕЙІТХАНОВА, Салтанат ӘБІЛХАНОВА
Жүргізуші – музыкатанушы Төлеген НАЗАРБЕКОВ