Scorpions в Алматы

Жануарлар карнавалы

Балаларға арналған концерт

Камиль Сен-Санс

«Жануарлар карнавалы»

(Хайуанаттар туралы қиял-ғажайып шығарма)

«Астана Опера» театры жаңа шығармашылық жоба – балаларға арналған әдеби-музыкалық концертін ұсынады. Жасөспірім көрермендер үшін арнайы жазылған ең танымал шығармалардың бірі – Француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» сюитасы орындалады. Балалар симфониялық оркестр аспаптарының дыбыстарымен танысып, олардың жануарлар мен құстардың дауысына қалай еліктей алатынын, қылықтарын қалай дәл келтіретінін естиді. Әртістермен бірге балалар қалалық ханиуанаттар бағында өтетін Жануарлар карнавалына барып қайтады.

Алғаш рет сюита 1886 жылдың 9 наурызында орындалды. Бұл шығарманы тек әзіл ретінде есептеген Сен-Санс «жеңіл» музыка авторы атанудан қорқып, көзінің тірісінде оны басып шығаруға тыйым салады. Сөйтіп, «Жануарлар карнавалы» 1921 жылы композитор қайтыс болғанға дейін, тек жеке үйлер мен салондарда ғана орындалып жүрді.

Сен-Санс сюитаның жалғыз бөлімі – виолончель мен фортепианоға арналған «Аққу» пьесасын ғана басып шығаруға рұқсат берді, ол автордың көзі тірісінде музыканттардың репертуарына тұрақты енген болатын. Оның танымалдығына көбіне Михаил Фокиннің ұлы балерина Анна Павловаға арнап қойған «Өліп бара жатқан аққу» хореографиялық миниатюрасы себеп болды.

Жалпы «Жануарлар карнавалы» әзілге толы, оның кейбір бөліктерінен танымал музыкалық шығармаларға ұқсастық немесе олардан үзінділер естуге болады.

         Орындайтын:

«Астана Опера» Камералық оркестрі. Дирижері – Руслан Баймурзин

Жүргізушілер:

Сәуле Мәулетова (орысша)

Төлеген Назарбеков (қазақша)