Калкаман - Мамыр «Astana Opera»
Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
Күні: 25-26 қараша, 2023
Уақыты: 18:00
Ұзақтығы: 2 сағат 15 мин (бір үзіліспен)
Жас шектеуі: 10+
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. Қазақ тілінде орындалады (орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)
Балнұр Қыдырбек
«Қалқаман – Мамыр»
Екі бөлімді опера-балет
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмасы бойынша либретто авторы Кәукен Кенжетаев
Қазақ халқы үшін Қалқаман мен Мамыр ағылшындықтар үшін Ромео –Джульетта іспетті. Қос ғашықты салт-дәстүр ажыратады. Жанр қағидасы бойынша қыз қайтыс болады, ал оның сүйіктісі өлімші болып жараланады. Опера мен балетте жүзеге асыруға әбден лайықты сюжет.
Опера-балет – қазақстандық композитор Балнұр Қыдырбектің батыл тәжірибесі. Басты рөлдер ән айтатын кейіпкерлерге тиесілі, ал спектакльдің балет бөлігі негізгі сюжетті толықтырып тұрады. Би көрерменге кейіпкерлердің сезімдерін тереңірек түсініп, олардың қайғы-қуанышына ортақтасуға көмектеседі.
Атақты ресейлік режиссер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Астана Опера» театрының жақын досы, қазақ өнерінің керемет білгірі Юрий Александров спектакльдің тартымды сахналық шешімін ұсынды. Оның интерпретациясында Қалқаман мен Мамыр – шынайы кейіпкерлер, ал балеттегі Қалқаман – Мамыр – олардың жаны.
Опера-балеттегі басты рөлдер жас әншілерге бұйырды – қоюшылар оларға шығармашылық тәжірибе жасауды сеніп тапсырды.
КӨРКЕМДІК-ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП
Музыкалық жетекші әрі қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы режиссер – Юрий Александров, Ресейдің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Қоюшы хореограф – Надежда Калинина
Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ерлер костюмдері және декорациялар бойынша суретші – Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әйелдер костюмдері және декорациялар бойынша суретші – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жарық бойынша суретші – Карим Рамаш
Бейнепроекциялар бойынша суретші – Павел Суворов
Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре
Опера труппасының директоры – Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі
Спектакльді жүргізуші режиссерлер – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова
Оқиға XVIII ғасырда Тобықты елінде өтеді.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР
Көкенай – Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Валерий СЕЛИВАНОВ
Мамыр –Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі / Назым САҒЫНТАЙ
Әнет баба – Азат МӘЛІК, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты / Алтынбек ӘБІЛДА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Қалқаман – Нарұл ТОЙКЕНОВ / Саян ИСИН
Олжай – Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ / Талғат АЛЛАБИРИНОВ
Қалқаманның жаны – Бекзат ОРЫНБАЕВ
Мамырдың жаны – Гүлназ ЖАНАЕВА
Жігіттер, қыздар, халық
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ ХОРЫ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.