rebranding

Қазақконцерттегі «JAZZ кештері» (1-күн)

Қазақконцерттегі «JAZZ кештері» (1-күн)

Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1, «Қазақстан» ОКЗ

Күні: 4 қыркүйек 2023

Басталуы: 19:00

Тұрақ: Бар

Ұзақтығы: 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 63-ші концерттік маусымның ашылуы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ДЖАЗ КЕШТЕРІ» атты халықаралық фестиваль өткізеді.

Күздің алғашқы айында, 4 қыркүйек күні елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған джаз кеші мерекелік атмосферада өтеді. Әлемдік джаз музыкасының жауһарларына айналған шетелдік және қазақ композиторларының сан алуан туындыларынан тұратын концерттік бағдарлама джаз әуесқойларының қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Jam-session – джаз музыканттарына тәжірибе алмасуға және импровизация техникасы бойынша кәсіби дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Көрермендердің талғампаздығы мен шынайылығын ерекшелеп тұратын джаз топтамасы өнерсүйер қауымды ерекше әсерге бөлейді.

Астананың 25 жылдығына арналған ауқымды шарада белгілі қазақстандық музыканттар, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Қазақконцерттің» танымал солистері мен көрерменнің ыстық ықыласына бөленген өнер жұлдыздары Айжан Нұрмағамбетова, Жанна Орынбасарова, Ғазиза Габдрахимова, «Saz&Soul» вокалды-аспаптық ансамблі, «Қостанай қалалық мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» ММ «Джаз Big Band», Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «Биг Бенд» Джаз-оркестрлері мен солистері, «Джаз квинтет» (Астана қаласы), «Jam-session trio» триосы және т.б. қатысады.