Scorpions в Алматы

«Jazz вечера» в Қазақконцерте

Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ камералық залы

Күні: 26 қазан 2022 ж

Басталуы: 19:00

Жанр: джаз музыкасы

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 

Қосымша:

 

 

 

 

Джаз әуесқойлары үшін жақсы жаңалық! Роза Бағланова атындағы «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы джаз кештерінің топтамасын бастайды. Ұлттық, симфониялық және танымал музыкалық бағдарламалар ішінде біз концерттік залдар есігін джаз музыкасымен ашқалы отырмыз. Жеңіл және күрделі импровизациялар музыкасы, ерекше сазды блюз, синкопиялық ырғақ және гармонияға толы әсерлі әуендер көрермендер назарына ұсынылады.

Джаз өнері мәдени құбылыс ретінде 20 ғасырдың басында афроамерикалық музыка мен еуропалық аспаптар негізінде пайда болды. Бүгінгі таңда джаз музыкасы Қазақстанда да танымал және үздіксіз дамып келеді.

Іс-шара барысында көрермендер үшін мерзімді түрде тақырыптық концерттер ұйымдастырылып, әлемдік және отандық джаз музыкасының әйгілі жауһарлары орындалады.

Таңғажайып эмоциялар мен классикалық музыканың таңғажайып кешінен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз құрметті көрермендер!