Опасыздық

Стефан Цвейг (1881-1942) - австриялық көрнекті жазушы, жүрегі ашық және ойшыл суретші. Оның шығармалары заманауи әлемдік әдебиет классикасына енді. Оның «Қорқыныш» новелласы ең лирикалық және жантебірентерлік туындылардың бірі болып саналады. Новеллада әлдебір адюльтер оқиғасының сыры шертіледі.

Әдебиеттегі ерлі-зайыптылық опасыздық тақырыбы жаңалық емес. Алайда Цвейг сияқты кейіпкерлердің сезімін әсерлі әрі шынайы сипаттау әрбір автордың қолынан келе қоймас.

Ирена - жас, әдемі әйел, табысты адвокаттың жұбайы, екі баланың анасы. Оның өмірі тыныш, сенімді, тұрақты және... сәл көңілсіз. Өмірді аздап әртараптандыру үшін Ирена опасыздыққа барады... Осының бәрі неге әкелетінін біздің «Опасыздық» қойылымын тамашалап көріп білетін боласыздар.