Үйлену өнері (КАТМК)
Қойылым кейіпкерлері - көркем мәнерге, нағыз ағылшын әзіліне және еліктіргіш бейқамдыққа ие жас ағылшын ақсүйектері.
Екі жас жігіт кенеттен үйленуге бел буыпты. Бірақ олардың алдында бір қиындық бар - жүректері таңдаған қыздардың есіл-дерті Эрнест деген есімді адам. Тұрмыс құруға асық ағылшын бикештеріне ең таңдаулысы және теңі дәл осы Эрнест деген есімге ие ер адам болып тұр екен. Қайдағы бір авантюристтер емес, тек осы нағыз сабырлық пен тартымдылықты білдіретін есімді ер кісілер ғана сенімді жар бола алады деп саналады!
«Қалайша байсалды болуға болады» атты ұлы комедияны Оскар Уайльд 1894 жылы жазған. Ал бүгінгі күндерде композитор Владимир Баскин - театр жазбаларын жүргізетін заманауи табысты авторлардың бірі және де либреттист Евгений Муравьев бұл шығарманы «Үйлену өнері» мюзикліне айналдырды. Бұл шиеленіскен интрига, байырғы Англия атмосферасы мен күлкілі паң және тәкаппар ағылшын ақсүйектің қоғамының мінезіне деген иронияға толы көңілді де мейірімді қойылым.
Қойылым авторлары тіпті ең шебер өтіріктің шындығы ашылатынын және де кездейсоқтықтар кездейсоқ түрде болмайтынын жеткізгісі келді. Және тек махаббат күші ғана барлығын ретке келтіре алады!