rebranding

Ирина Нельсон «Reflex» Атырауда

Ирина Нельсон - «Reflex»

«Сойти с ума», «НонСтоп», «Люблю», «Танцы», «Потому что не было тебя», «Первый раз» және барлықтарымыз жатқа білетін басқа да хиттер. Әрдайым сәнді және әуенді REFLEX, сондай-ақ оның теңдессіз солист қызы Ирина Нельсон өзінің жаңа хиттерімен тыңдармандарды қуантып келуде. Ендігіде қала тұрғындары мен қонақтарын өзінің үлкен жеке концертімен тәнті етпек. 

4 наурыз 2024 жылы сағат 19-00-де Махамбет атындағы драма театры поп-сахнаның нағыз жұлдызы Ирина Нельсонмен кездесу үшін есіктерін айқара ашады. 2000 жылдардың аты шулы REFLEX тобы «Reflex 20 жыл» үлкен жеке концертін ұсынады. Кеште сіздер жатқа білетін әнден мен жаңа туындылар 2 сағат тоқтаусыз орындалатын болады.

Ирина Нельсон - мәңгілік жастықтың сырын білген нағыз леди! Тембрі бірден танылатын алтын дауыс. Reflex - ең танымал әйелдер тобы, сондай-ақ 2000-жылдардың музыка сәнінің негізін салушылар, 19 музыкалық марапаттардың иелері, «Алтын Граммофон» марапатының 5 мәрте жеңімпаздары.

Өздеріңізге ұмытылмас көңіл-күй мен шынайы сезімдер сыйлаңыздар!