Иран конференциясы Almaty Theatre сахнасында

«Театр апталығы» жоба аясында «Almaty Theatre» сахнасында «Иран конференциясы» спектаклі өтеді.                                                   Даниялық және әлемдік интеллектуалды элитаның өкілдері, қазіргі заманның ең көрнекті ойшылдары Копенгагендегі конференцияға жиналып, «ирандық проблеманы» - адам құқықтары мен бостандықтарын бұзу, күнделікті өлім жазасы, азаптау және Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстарды талқылайды. Сахнаға шығыстанушы, теолог, саясаттанушы, әскери журналист, премьер-Министрдің жұбайы (бұрын белгілі тележүргізуші), жазушы, діни қызметкер, әйгілі дирижер және ирандық ақын – әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты кезекпен шығады.

Бірте-бірте әлемде болып жатқан оқиғаларға кім кінәлі екендігі туралы сұрақтар адам мен өмірдің мәні туралы талқылауларға ұласады. Таяу Шығыс аймағында орын алған трагедия туралы пайымдау жеке әрі ең сырлы ойларға орын береді.  Рөлдерді «ŞAM» театрының әртістері сомдайды:

Филип Расмусен – Нұрғиса Қуанышбайұлы Даниел Кристенсен – Асан Мажит Оливер Ларсен – Ерлан Біләл Магнус Томсен – Дархан Сүлейменов Астрид Петерсен – Ақбота Рахат Эмма Шмидт-Паулсен – Самал Еслямова Густав Йенсен – Еркебұлан Дайыров Паскуаль Андерсен – Сағызбай Қарабалин Шырын Ширази – Зарина Кармен