97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

ÜİIM қайырымдылық концерті

 

ÜİIM — әуеннің күшімен бір шаңырақ астында бас қосу кеші.

Қазіргі таңда еліміздің көптеген аймағын топан су басып, бірнеше елді-мекен табиғи апаттың алдын алуға барын салуда. Қара халық өз күшімен бөгет тұрғызып, керек-жарағына қаражат жинау үстінде. Соңғы уақытта отандастарымыз тек қаралы күндерде бас түйістіріп жатқаны, расында, өзек өртенер жағдай.

Соған қарамастан, дүйім жұрт бір мүддеге бас қосып, жұдырықтай жұмыла етігімен су кешіп жатқан жайы бар. Осы бір сәт – бәрімізді  үйдегідей сезіндірді. Жаңбыр мен дауылда жабылған түндікті қайта ашып, шаңырақтан күн көзін көретін уақыт келді.

ÜİIM қайырымдылық концерті Almaty theatre қолдауымен қазақстандық заманауи өнер өкілдерінің басын қосып, көрерменге әсерлі кеш сыйламақ.