rebranding

«Қазақстанда пайда болған ИДЕЯ» концерті

2024 жылдың 21 сәуірінде Қазақ ұлттық оркестрінің концерт залында Саха (Якутия) Республикасының «Якутия виртуоздары» мемлекеттік скрипкашылар ансамблінің концерті өтпек.

«Якутия виртуоздары» ансамблі 9 халықаралық байқаудың жеңімпазы және лауреаты, өзінің шығармашылық қызметінің 30 жылы ішінде Америка, Еуропа және Азияның 30 елінде 2500 астам концерт берді: АҚШ (бес рет), Франция (бес рет), Ұлыбритания, Австрия (екі рет), Италия (екі рет), Португалия, Израиль (үш рет), Венгрия, Украина, Қырғызстан, Қытай (төрт рет), Моңғолия, Германия, Хорватия, Оңтүстік Корея (үш рет), Қазақстан, Бразилия, Аргентина, Колумбия (екі рет), Чили, Эквадор, Гватемале, Уругвай, Перу, Коста-Рика, Панама, Мексика, сондай-ақ Ресейдің барлық өңірлерінде.

Екі миллионнан астам тыңдаушылар жастар ұжымының өнерін жоғары бағалап, Ресейдің солтүстігінде орналасқан Якутия республикасындағы әлемдік музыка өнерінің жоғары даму деңгейімен жақынырақ танысты.

1996 жылдан бастап ансамбль жыл сайын Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларындағы көрермендерді өз өнерімен тәнті етіп келеді, онда өткен жылдар ішінде тиісінше 70-тен астам және 90-нан астам концерт берген еді.

Өзінің 15 жылдық мерейтойын 2009 жылы «Якутия виртуоздары» ансамблі Ресей мен Оңтүстік Кореяның барлық 7 федералды округтерінде бұрын-соңды болмаған мерейтойлық гастрольдік турмен атап өтті.

Впервые молодежный музыкальный коллектив страны совершил столь масштабное турне. 42 концерта в 28 городах!

Ансамбль құрамында 10 жас скрипкашы өнерлерін паш етеді. Олардың есімдерін Якутскідегі «Солтүстік скрипкасы» халықаралық жасөспірімдер байқауының, (2005 ж., 2009 ж., 2013 ж., 2017 ж.), Венгриядағы (2005 ж.), Украинадағы халықаралық байқаулардың (2005 ж.), Франция (2006 ж.), Италия (2007 ж.), Ижевск қаласындағы «Чайковский Отаны» халықаралық жасөспірімдер байқауының (2006 ж.), Мәскеудегі «Жаңа есімдер» халықаралық жасөспірімдер байқауының (2008 ж.), Самарадағы Бүкілресейлік Дельфий ойындарының (2009 ж.) және Еревандағы Халықаралық Дельфий ойындарының (2010 ж.), «Ауэр. Мұрасы» халықаралық скрипка бойынша байқау-фестивалінің (2018 ж.) жеңімпаздары арасында көруге болады.

Ансамбльді Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Саха (Якутия) Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор Лариса Иннокентьевна Габышева және Ресей Федерациясы мен Саха (Якутия) Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Станислав Максимович Афанасенко, концертмейстер,  Саха (Якутия) Республиканың еңбек сіңірген әртісі, Надежда Николаевна Петрова жетекшілік етеді.