rebranding

Әр нотада шабыт бар

2018 / 2019                    Камералық зал            VІ маусым

19 желтоқсан * сәрсенбі * 19.00

Вокалдық-аспаптық музыка концерті

«Әр нотада шабыт бар…»

«Астана Опера» Камералық залында «Әр нотада шабыт бар…» вокалдық-аспаптық музыка кеші өтеді.

Концерттік сахналарда сирек кездесетін дауыс, флейта мен арфаның ерекше үйлесімі еуропалық және орыс классик композиторлары шығармаларынан ләззат алу мүмкіндігін береді. Керемет әртістердің орындауында сіздер И.С.Бах-Ш.Гуно, Дж.Россини, К.Сен-Санс, М.Равель, П.Чайковский, С.Рахманинов, Р.Глиердің туындыларын, сонымен қатар дауыс, флейта, арфа және фортепианоға арнап өңделген испан сарсуэлаларынан арияларды тыңдай аласыздар.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Алексей Косырев (флейта)

Любовь Ткаченко (арфа)

Фортепиано партиясында – Мәдениет қайраткері Елена Сахно

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут