Виолончель үні

Концерт

VOCE DI CELLO

(«Виолончель үні»)

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Жас виолончельші музыканттар қатысатын VOCE DI CELLO («Виолончель үні») камералық музыка кеші бағдарламасында И.С.Бах, веналық классик Й.Гайдн, романтиктер Р.Шуман мен Ф.Шуберт, сондай-ақ чех виолончельші-музыканты Д.Поппердің туындылары шырқалады. Орындаушылар – Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері –халықаралық байқаудың лауреаты Батырхан Исак және республикалық байқаудың лауреаты Илья Посохов (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бақытжан Қожабекқызы Мұсақожаеваның класы). Фортепиано партиясы – Нұрлан Орымбаев. 

 

БАҒДАРЛАМА:

И.С.Бах. №3 сюитадан прелюдия, до мажор

Й.Гайдн. Виолончель мен оркестрге арналған №1 концерт, до мажор,  1-3 бөлімдер

Р.Шуман.  Виолончель мен фортепианоға арналған Adagio және Allegro, шығ. 70.

Ф.Шуберт. Соната-арпеджионе, ля минор, D 821

Д.Поппер. №17 этюд, ор.73

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Батырхан ИСАК (виолончель)

Илья ПОСОХОВ (виолончель)

Нұрлан ОРЫМБАЕВ (фортепиано)

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б.Қ.Мұсақожаеваның класы 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді