rebranding

«Байлар мен кедейлер»

Қалай да болса күнін көріп, аш қалмай, баспанаға ие болу үшін кедейлер кез келген іске кірісуге дайын. Ал оларға берілген тапсырма өте оңай әрі қарапайым көрінеді: бай ақсүйекке үйлену мәселесінде көмектесу керек екен.

Алайда бұл істің ушыққан шиеленістерге, өтіріктер мен құпиялардың ашылуларына әкелетінін ешкім білмепті. Себебі әрбір кейіпкер өз бақытына жету жолында қолынан келгеннің бәрін істеуге тырысады емес пе?