«Гоголь. Петербург». М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастролі Алматы қаласында
«Гоголь. Петербург» қойылымы Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің Қазақстан театрлары бақылауының қорытындысы бойынша 2022 жылдың үздік спектаклі деп танылды.
Қойылымда «Шинель», «Есуастың жазбалары» және «Капитан Копейкин туралы повес» туындыларының оқиға желілері өзара жанасқан.
Сұрпайы, адамгершілікпен жанаспайтын әлемде адам жан дүниесінің құлдырау мәселесі осы қойылымның тақырыбында үш кейіпкердің үш оқиғаларын сипаттауында айқын ашылады. Оқиғаның барлығы бір ессіз мазасыз түске ұласады, гогольдік үштік құстың жетелеуіне бағынған түс барша-барша кішкентай адамдардың қиырдың қиырына тартып, ақырында қайда жеткізбек? Бостандыққа ма, әлде ажал құшағына ма?
Қойылым актерлері гогольдік тылсым дүниенің бейнесін айнадай аша біледі. Олардың ойларымен, сезімдерімен танысып, ішкі үнқатысуларына құлақ асып, жақырынырақ танитын боламыз. Құбылмалы, бірақ жарқын театралды бейнелер мен «өлі рухтар» бір сахналық кеңістікте аралас ұғымға айналады.
Қойылымда өнер көрсететін актерлер: Евгений Карачаров, Олег Федоренко, Александр Корженко, Ульяна Апрельская, Екатерина Максим, Анастасия Понеделкова, Диас Кожантаев.