Гномландия

Қазақстандағы бірегей және жалғыз интерактивті «Ертегі үйі» мұражай-театры ертегі әлеміне саяхаттауға шақырады! 

Сіз «Гномландияның» сиқырлы елінде болдыңыз ба? Ертегі әлемінің сақтаушысы Кустос ата барлық балаларды Гномландияға және осы ертегі еліне қызықты саяхатқа шақырады. Балалар мейірімді, өнегелі, музыкалық, интерактивті квест-спектакльге қатысатын болады; ертегі орманында құстарға арналған ұяшық салып, Мүрломор есімді мысыққа қонаққа барады. Әрине, әркімді қызу билер мен қызықты ойындар күтіп тұр!

Ертегі қазақ тілінде өтеді.

Билет құнына келесі кіреді:

- 1 балаға кіру рұқсаты;
- 1 ересек адамға кіру рұқсаты;
- қойылымнан кейін актерлеріміздің қатысуындағы интерактивті бағдарлама.

ТЕГІН: «Поляна» ойын аумағы қойылымға келу күнінде уақыт шектеуінсіз толықтай қолжетімді.