Gipsy Kings Алматыда

VOLARE и BAMBOLEO. АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ТОП «GIPSY KINGS» алғаш рет ҚАЗАҚСТАНДА РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА өнер көрсетпек.

Әйгілі француздық «сығандар» - «Gipsy Kings» тобы өздерінің үлкен концерттерімен келеді. Фламенко стилінің таратушылары Республика сарайында өз орындауларын көрсетеді. Сонымен қатар, қазақстандық тыңдаушыларды «Gipsy Kings» деген атпен көптеген жалған еліктеуші әріптестері де «қуантты».

Бұл жолы қазақстандықтар нағыз шынайы «Gipsy Kings» тобы орындайтын бүкіл әлем сүйіп тыңдайтын «Bamboleo» және «Djobi Djoba» хиттерін еститін болады.

Жиырма жылдан астам бұрын құрылған топтың аты 1987 жылы «Bamboleo» атты альбомы жарық көргеннен кейін бүкіл әлемге әйгілі болды. Пластинкасы 13 миллион дана тиражбен сатылып, «Gipsy Kings» тобы Billboard's World Music Artist және Latin Pop Artist қатарларында алдыңғы орындарды бастап тұрды.

«Bamboleo» альбомында музыканттар ең алғаш боп ұллтық нақыштағы фламенко дыбысталуын заманауи ритмдермен, поп-музыканың элементтерімен, сондай-ақ орташығыстық, латын америкалық және солтүстік африкалық музыканың стильдік дәстүрлі реңкін үйлесімді түрде өзара қосты.

The Gipsy Kings тобын фламенко орындаушысы Хосе Рейестің ұлдары ағайынды Николас пен Андрэ Рейес ұйымдастырып, топ мүшелері ретінде Жак, Морис және Тонино Бальярдо атты нағашы жиендерін де тартты.

Алғашқыда топтың атауы Los Reyes болатын, алайда топ мекеннен мекенге үнемі көшіп, тойларда, сауық кештерде, тіпті көшелерде де өнер көрсетіп, сығандар тобы секілді көшіп-қонып жүргендіктен, ұжымның атын Gipsy Kings деп өзгертуге шешім қабылданды.

Музыканттар дәстүрлі фламенконы орындап жүрді, бірінші сатыда Тониноның нақ орындалған лидер-партиясы мен Николастың құлшынысқа толы дауысы аса ерекшеленген көпқабатты гитаралық фактура болатын.

Топтың алғашқы альбмодері атауы әлі Los Reyes болған кезде жарық көрген, алайда бұл альбомдер топтың адал жанкүйерлері осы кезде-ақ болғанына қарамастан аса байқалмай өтті. Ақыры, 1986 жылы топ продюсер Клод Мартинезбен танысқаннн кейін, жұмыс алға баса бастады: заманауи ритмдермен поп-музыка элементтерін қосқанның әсерінен Gipsy Kings орындаулары зор танымалдыққа ие бола бастады.

80-ші жылдардың соңында «Сыған патшалары» АҚШ-та алғаш рет New York New Music Seminar сахнасында өнер көрсетті. Сол кезден бері Gipsy Kings аса дәстүрлі пластинкаларды жаңашылдықсыз басып шығарып, өз табыстарының жемісін көруде.