Scorpions в Алматы

«Дәуір данышпандары: Бородин. Дворжак». Бесінші концерт

2022 / 2023           Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал         Х маусым

1 шілде* сенбі * 18.00 

 

Квартетке арналған музыка маусымы

«Дәуір данышпандары: Бородин. Дворжак»

Бесінші концерт

 

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

«Астана Опера» театры оркестрінің әртістері квартет жанры данышпандарының шығармашылығына арналған «Квартетке арналған музыка маусымы» топтамасынан концерттер сериясын жалғастыруда. Бесінші концертте танымал қазақстандық музыканттар Ресейдегі квартет өнерінің негізін қалаушылардың бірі – Александр Бородин мен чех романтизмінің өкілі Антонин Дворжактың шығармаларын ұсынады.

Бородиннің квартеттері – «мейманханада орындалатын нәзік музыканың» қаншалықты нағыз көркем дүние бола алатынының дәлелі. Ал Екінші квартетті сазгердің басқа камералық шығармаларынан жиірек әлем бойынша барлық концерттік бағдарламалардан тыңдай аламыз, әсіресе оның танымал классика ретінде радиостанцияларда жиі шырқалатын баяу бөлігі – «Ноктюрн» бәріне аян.

Антонин Дворжактың классикалық дәстүрлер мен отандық музыканың ерекше сипаттарын ұштастырған туындыларын дүние жүзі лайықты бағалайтын, себебі оның музыкалық тапқырлығы көл-көсір, әуені қайталанбас әсемдікке ие.

Эдвард Григ Дворжакты еске алуға арналған мақаласында былай деп жазды: «Оның ішекті аспаптар квартеттері мен квинтеттері – өз авторынан кейін де ұзақ ғұмырлы болатын жауһарлар».

 

БАҒДАРЛАМА:

А.Бородин. №2 ішекті аспаптар квартеті ре мажор, AB 33

1. Allegro moderato

2. Scherzo: Allegro

3. Notturno: Andante

4. Finale: Andante – Vivace

 

А.Дворжак. №1 фортепианолық квинтет ля мажор, op. 5

1. Allegro ma non troppo

2. Andante sostenuto

3. Finale: Allegro con brio

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Еркебұлан Сапарбаев (бірінші скрипка)

Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (екінші скрипка)

Дархан Сәдуақасов (альт)

Ермек Құрманаев (виолончель)

 

Фортепиано партиясы – Зарина Бимендинова

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.