Шымкент гастролі - ДОМАЛАҚ АНА
2021 / 2022 Үлкен зал ІХ маусым
2 қыркүйек * бейсенбі * 19.00
3 қыркүйек * жұма * 19.00
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ГАСТРОЛІ
Тасқын Жармұқамет
«ДОМАЛАҚ АНА»
2 актілі опера
Идея авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ
Либретто авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат
МАЕМИРОВ
Операға арқау болған қасиетті Домалақ ананың оқиғасы.
Домалақ ана – аналық пен қазақ әйеліне тән күш-қайраттың нышаны.
Шымкетте аты аңызға айналған анаға арнап ескерткіш тұрғызылған. Жыл
сайын мыңдаған тәу етушілер оның кесенесіне ағылады. Домалақ ана туралы
аңыздар ауыздан-ауызға тараған, алайда оның бейнесі музыкалық
академиялық өнер туындысында тұңғыш рет көрініс тауып отыр.
Операда кейіпкер көпті көрген әйел ретінде емес, той алдындағы жас
қалыңдық рөлінде көрсетілген. Жас Нұриләнің бейнесі оның жан сұлулығын
– мейірімділігін, даналығын, аналық махаббатының қуатын паш етеді.
«Домалақ ана» операсы патриоттық сезімді оятады. Онда қазақ халқы
тарихындағы батырлық оқиғалардың бірі кеңінен әрі шынайы көрсетілген.
Басты кейіпкер ретінде – өз Отанының қорғаушысы, жауынгердің
қайсарлығы мен ерлігін бейнелейтін Бәйдібек батырдың тұлғалы бейнесі
сипатталған.
Операдағы музыка, либретто, драматургия, режиссура, сценография,
костюмдер сияқты барлық дүниелер – халықтың махаббатын, ғасырлық
даналығын, жақсылық күштерінің жеңісін бейнелейтін Қасиетті Ана
бейнесімен байланысты басты идеяны ашуға, мәңгілік рухани
құндылықтарды бекітуге бағытталған.
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы режиссерлер – Михаил Панджавидзе, Қайрат Құлыншақов
Қоюшы хореографтар – Абдурасул Есекеев, Рита Хайрушева
Қоюшы дирижерлер – Мәди Өмірзақ, Адай Жұмат
Қоюшы хормейстер – Бағлан Алтаев
Қоюшы суретші – Бақыт Күзембаев
Костюмдер бойынша суретші – Сабира Дәулетәлиева
Жарық бойынша суретші – Александр Багметов
Көркемдік жетекші – Мадихан Дүйсеев
_____________________________
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР
Домалақ ана (Нұрилә) – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ /
ҚР мәдениет қайраткері Уралхан СЕЙЛБЕКОВА
Бәйдібек би – Халықаралық байқаулардың лауреаты Жұмабек ҚАҢТАРБАЕВ /
Мадихан ДҮЙСЕЕВ
Хазірет – Халықаралық байқаулардың лауреаты Марат ОРАЗМЕТОВ, Айбек
ҚАНАТБЕК
Марау ханым (бәйбіше) – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина
ХАМЗИНА
Зеріп ханым (бәйбіше) – Майгүл МИКИЖАНОВА
Марау бәйбішенің алты ұлы – Халықаралық байқаулардың лауреаты Айдар
БАИМБЕТОВ, Нематилло ЗКРУЛЛАЕВ, Нұржан ЖҮСІПБЕКОВ, Нұрқанат
ТАПИЕВ, Роберт ЖЕТКЕРБАЕВ, Алексей СКИБИН
Сарбаздар, ауыл адамдары, қыздар мен жігіттер, шүршіттер мен
барымташылар – хор және балет әртістері
Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут
Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады
Құрметті көрермендер!
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.
Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.
Қолдану бойынша нұсқаулық:
1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).
2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.
3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).
4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет
Мәртебелер:
Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ
Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады
Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.
Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.
Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.
Түсіністік танытады деген сенімдеміз!
Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+
Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.