ТАПТЫМ. ҒАШЫҚ БОЛДЫМ. ЖОҒАЛТТЫМ
Өтетін орны: Астана қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар» театры
Автор: Т. Ахметжан
Премьера күні: қараша, 2019 жыл
Қоюшы режиссері: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері
Жанр: мюзикл
Жас санаты:
Кейіпкерлер:
- Жігіт – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
- Қыз – Назерке Серікболова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
Қосымша:
Көл жағасына демалуға келген жас жігіт жағалаудан өзінің қиялындағы аруын жолықтырады. Алайда махаббат бар жерде қарсылықтың да қатар жүретін аксиомасы бұл оқиғадан да айналып өтпейді: сұлудың некелі жары бар екен.
Иә, махаббат бар жерде қарсылық қатар жүреді. Қайшылықпен бетпе-бет келгенде, сезімнің де, өнердің де ішкі қарсылық қалыптастырары сөзсіз. Махаббат қолжетімсіз болған сайын, оған деген ессіз құштарлықтың өрши түсері – өмір заңдылығы. Міне, осы шарасыздықтың шыңында ұлы сезім –МАХАББАТ тұр.
Сөзбен айтып жеткізгісіз сезімдердің әсері музыка тілінде үн қатқанда тіпті күшейе түспек. Жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы әуен тербеген ғашықтардың махаббат хикаясы көрерменін де бей-жай қалдырмасы анық.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Жігіт – Мейірғат АМАНГЕЛДИН
Қыз – Назерке СЕРІКБОЛОВА