rebranding

«Galymzhan Narymbetov SEPTET»

2023 / 2024               Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал          ХI маусым

23-24 қыркүйек * сенбі, жексенбі * 18.00

 

«Galymzhan Narymbetov SEPTET»

ансамблінің концерті

 

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Ұлт мақтанышы» төсбелгісінің иегері, «Дүниежүзі баяншылар мен аккордеоншылар халықаралық қауымдастығының» мүшесі Ғалымжан Нарымбетовтің жетекшілігімен 2020 жылы құрылған «Galymzhan Narymbetov SEPTET» ансамблі барокко дәуірі композиторларынан қазақ күйшілерінің музыкасына дейін қамтылған тамаша бағдарлама ұсынады.

Қысқа мерзім ішінде GN SEPTET ансамблі Accordion Star International (АҚШ, 2022, 2023) және Euro Music Festival (2023) байқауында I сыйлықтың лауреаты атанып, өзін халықаралық мәдени кеңістікке танытты.

 

         Ансамбль құрамында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары бар:

Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның енбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Еркебұлан Сапарбаев, «Құрмет» орденінің кавалері (бірінші скрипка)

Қанат Сакибаев (екінші скрипка)  

Дархан Сәдуақасов, Мәдениет саласының үздігі (альт)

Мұса Керімбаев, Мәдениет саласының үздігі (виолончель)

Бекежан Рақышев (контрабас)

Арман Жайым, «Құрмет» орденінің кавалері (фортепиано)

Ғалымжан Нарымбетов (баян, бандонеон, аккордеон)

 

Концерт бағдарламасында И.С.Бах, А.Пьяццолла, Р.Гальяно, А.Жайым шығармалары мен халық күйлері.

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.