ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
ҚАЗАҚКОНЦЕРТ: 63-МАУСЫМЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІ

ҚАЗАҚКОНЦЕРТ: 63-МАУСЫМЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІ

Сипаттама

Құрметті елордалықтар мен қала қонақтары!

Сіздерді ҚАЗАҚКОНЦЕРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІНЕ шақырамыз!

Қазақконцерттің әртістері мен шығармашылық ұжымдары көрермен назарына осы маусымдағы ең үздік концерттік нөмірлерін тарту етеді.

Бұл концертте әуезді ән де, әсем би де, көңіл толқытар күй де, театрландырылған қойылым да болмақ.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық ұйымының ГАЛА-КОНЦЕРТІ 28 маусым күні сағат 19:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтеді.

Гала-концертте Қазақстанның халық әртістері, Еңбек Ерлері Роза Рымбаева, Айман Мұсахаджаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бахытжан Мұсаходжаева, Ерболат Ахмедьяров, Медет Шотабаев, Салтанат Ахметова, Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан, «Құрмет» орденінің иегері Айзада Капонова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері Азат Мәлік, Ардақ Елеусіз, Әлібек Әлмадиев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Гүлнар Көшенова, Асылхан Шалқаров, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Абдухалық, Жанна Сандибаева, Мәди Рымбаев, Іңкәр Айдарханқызы және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «ASTANA MUSICAL» театры, «Saz & Soul» тобы, «Астана сазы», «Гүлдер», «Бірлік» ансамбльдері өнер көрсетеді.

Келіңіздер! Әсерлі кештен қапы қалмаңыздар!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана, музыкалық-драма театры. Қ. Қуанышбаева

  • Күні

    28 маусым 2024 жыл

  • Басталуы

    19: 00

  • Жанр

    халық концерті

  • Автотұрақ

    иә

  • Жас шектеуі

    7+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 28
    Маусым
    Жұм
    Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
    Зал
    бастап 1500
    бастап 1500