ГАЛА-БАЛЕТ (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиевті еске алу)
2022 / 2023 Үлкен зал Х маусым
8 ақпан * сәрсенбі * 19.00
ГАЛА-БАЛЕТ
(Тұрсынбек Нұрқалиевті еске алу)
8 ақпан Үлкен залда Гала-балет өтеді. Ауқымды бағдарламада – классикалық балеттерден па-де-де (П.Чайковскийдің «Щелкунчик» және «Ұйқыдағы ару», Л.Минкустың «Дон Кихот»); С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», А.Хачатурянның «Спартак», П.Чайковскийдің «Аққу көлі», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балеттерінен дуэттер, көріністер мен билер; К.Сен-Санстың музыкасына М.Фокиннің «Өлім алдындағы аққу», К.В.Глюктың музыкасына Асаф Мессерердің хороеграфиясындағы «Әуен» хореографиялық миниатюралары, сондай-ақ Тұрсынбек Нұрқалиев (Г.Форенің Павана, Д.Шостаковичтің музыкасына «Жол») пен Ғалия Бөрібаеваның (Э.Хэгертидің «Бір тарих») қойылымындағы концерттік нөмірлер.
Тұрсынбек Нұрқалиев (1950–2022) – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, Халықаралық хореографтар одағының мүшесі, Халықаралық балет байқаулары федерациясының мүшесі.
Алматы хореографиялық училищесін және Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік өнер академиясын «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша тамамдаған (Қазақ КСР Халық әртісі профессор З.Райбаевтың кафедрасы).
1970–2000 жылдары – Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының балет солисі.
2000–2013 жылдары – К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының бас балетмейстері.
2013–2015 жылдары – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры балет труппасының көркемдік жетекшісі.
2015–2022 жылдары – «Астана Опера» балет труппасының директоры.
Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», П.Чайковскийдің «Щелкунчик» және «Аққу көлі», Л.Минкустың «Баядерка», А.Аданның «Жизель» балеттері және т.б. қоюшы балетмейстері.
Нью-Йорк, Мәскеу, Варна, Рим, Бейжің, Сеул, Будапешт, Ыстамбұл, Сочи, Красноярск, Ұлан-Батырда өткен балет өнерінің ең мәртебелі форумдарында Қазақстанды таныстырған; сондай-ақ Астана мен Алматыдағы балет әртістері байқауларына басшылық еткен.
Ынтымақтас болған атақты заманауи хореографтардың қатарында КСРО Халық әртісі Ю.Григорович, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі С.Вихарев, Башқұртстанның Халық әртісі Ш.Терегулов, Рим би академиясының директоры М.Парилла, Ресейдің Халық әртісі Б.Эйфман, Ш.Жюд (Франция) және т.б. бар.
ОРЫНДАУШЫЛАР
«АСТАНА ОПЕРА» ОРКЕСТРІ, БАЛЕТ ЖӘНЕ ОПЕРА ЖЕТЕКШІ СОЛИСТЕРІ, БАЛЕТ СОЛИСТЕРІ МЕН ӘРТІСТЕРІ
Дирижер – Элмар БӨРІБАЕВ
Ұзақтығы – 1 сағат 50 минут (бір үзіліспен)
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады