FORTE TRIO: «ГАЙДН, БЕТХОВЕН, МОЦАРТ»

13 қазан күні Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік триосы «FORTE TRIO» көрнекті композиторлардың шығармаларын ұсынады. Кештің бағдарламасына Вольфганг Амадей Моцарт, Людвиг ван Бетховен және Йозеф Гайдн сияқты ұлы композиторлардың фортепианолық триолары енген.

Концерт бағдарламасы:

1. В.А. Моцарт – Фортепиано трио си-бемоль мажор, KV 502 

2. Л. ван Бетховен – Фортепиано трио соль мажор, op. 1 

3. Й. Гайдн– Фортепиано трио ми минор, №10 

«Forte Trio» мемлекеттік триосы – Қазақстандағы ең танымал камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі. Трионың құрамында орындаушылық өнердің әйгілі шеберлері, республикалық және халықаралық байқауларының лауреаттары бар. Атап айтар болсақ, атақты пианист, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Тимур Урманчеев; талантты виолончелист, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты Мұрат Нарбеков, халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Мақсат Жүсіпов.

Ұжым өз орындаушылық шеберлігімен және жоғары музыкалық талғамымен елімізде және шетелде үлкен танымалдылыққа ие. Концерттің бағдарламасында үш классиктің шығармалары ұсынылып, еуропалық камералық музыка әлеміне терең бойлау мүмкіндігі беріледі.

Вольфганг Амадей Моцарттың си-бемоль мажорындағы триосы – жеңілдік пен асқан шеберліктің көрінісі. Бұл шығармада композитордың мінсіз үйлесім мен мелодиялық таланты айқын байқалады.

Людвиг ван Бетховеннің фортепианолық триосы – ұлы композитордың алғашқы туындыларының бірі, бірақ соған қарамастан онда классикалық және романтикалық стильдердің түйісуі сезіледі. Бетховеннің жаңашыл ойлары бұл шығарманы ерекше қылады.

Йозеф Гайдннің ми минордағы триосы – камералық музыка жанрындағы ең жарқын туындылардың бірі. Шығармада Гайднның классикалық үйлесімділігі мен тереңдігі көрініс тапқан.

 

Барлық музыка сүйер қауымды керемет кештің куәсі болуға шақырамыз!