«АСТАНА-АРҚАУ» ДӘСТҮРЛІ ТҮРКІ МУЗЫКАСЫ ФЕСТИВАЛІ

3-4 шілде 2017              Камералық зал            IV маусым

EXPO-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде

«АСТАНА-АРҚАУ»

Х ТҮРКІ МУЗЫКАСЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

Өз жерінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін қабылдап жатқан Қазақстан үшін 2017 жыл маңызды болмақ. Бұл біздің ел үшін халықаралық деңгейде мемлекеттің мәртебесін нығайту жолындағы батыл қадамдардың бірі болды. Әрбір қазақстандық үшін аса маңызды болып табылатын осы оқиғамен қатар «Астана-Арқау» дәстүрлі түркі музыкасының фестивалін өткізудің мерейлі күні тұспа-тұс келуі – жақсы нышандардың бірі. 10 жыл бойы Астана түркі өркениеті халықтарының өкілдерімен кең ауқымды кездесудің бастамашысы болып келді. «Астана-Арқау» фестивалін тұрақты өткізу мемлекеттік деңгейде әрі қазіргі заманғы үлгіде ұлтаралық қарым-қатынастың жандануына ықпал етті, сонымен қатар бұл түркілердің музыкалық мәдениетін біріктіруші-патрон ретінде Қазақстанның рөлін нығайтты.

«Астана-Арқау» фестивалінің концертінде өз елдерінен тыс атағы шыққан жоғары деңгейдегі өнер шеберлерінің орындауында түркі халықтарының түгеліне жуық әуендері шырқалады. Батыс пен Шығыс тыңдаушылары тәнті болған және өте жоғары бағаланатын жанрлар ұсынылатын болады, олар – Орта Азия және Қазақстан, Күнгей Кавказ бен Волга жиегі, Сібір түркілерінің шамандық ән шырқауы, шаңқобызға арналған композициялары, көмеймен ән айтуы, эпикалық және аспаптық композициялары, ән лирикасы. Алуан стиль мен түрлі мазмұндағы әуендер орындалады. Түркі музыкасының баға жетпес қазынасымен байланыс астаналық тұрғындар мен қонақтар үшін нағыз мереке болары анық. Фестиваль, өзінің 10-жылдығын мерекелеуге байланысты түркі әлемінің музыкалық мұрасын бағалаушыларға керемет сый әзірлеуде – бұл көрермендердің есінде ұзағынан қалатын жарқын оқиғалардың бірі болмақ!