Евгений Онегин
2020 / 2021 Үлкен зал VIІІ маусым
27 ақпан * сенбі * 18:00
Петр Чайковский
(туғанына 180 жыл толуына орай)
«Евгений Онегин»
Прологы бар 3 бөлімді опера (лирикалық көріністер)
ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП
Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Қоюшы режиссер, сценограф – Давиде Ливермор
Қоюшы сценограф – Франческо Калканини
Костюмдер бойынша суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы хореограф – Елена Шерстнева
Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони
Опера труппасының директоры – Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы режиссердің ассистенттері – Еренбақ Тойкенов / Джанкарло Юдика Кордилья / Аня Рудак
Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Наталия Федорова
Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре
Бейнепроекцияларды жасаушы – «D-WOK» ЖШС
1877 жылдың мамырында әнші Е.А.Лавровская Чайковскийге Пушкиннің «Евгений Онегин» туындысының желісі бойынша опера жазуға кеңес береді. Композитордың сөзінше, бастапқыда бұл ой жөнсіздеу көрінген, алайда көп кешікпей оған қатты әуестенгені соншалық, бір түнде оқиға барысын жазып шығып, музыкасына кіріседі. Чайковский Пушкиннің дарынына бас иетін.
Либреттосы К.С.Шиловскиймен (1849-1893) бірлесіп жазылған болатын. В.Г.Белинский өлеңмен жазылған Пушкин романын – «орыс өмірінің энциклопедиясы» деп атаса, – Чайковский тек ақын қаһармандарының жан әлемі мен жеке тағдырына байланысты тұстарын алып, өз операсын жай ғана «лирикалық сахналық көрініс» деп көрсеткен. Сондықтан ол операның алғашқы орындалуын жастарға – Мәскеу консерваториясының шәкірттеріне тапсыру туралы шешім қабылдайды. 1879 жылдың 17 (29) наурызында «Евгений Онегиннің» премьерасы өтеді. Көп ұзамай Мәскеудің Үлкен театры (1881) мен Петербордағы Мариин театрының (1884) сахналарында опера үлкен жетістікпен қойылып, ең танымал туындылардың біріне айналады.
Бүгінде «Евгений Онегин» іс жүзінде барлық театрлар мен атақты әншілердің репертуарына енген. Басты партияларда Р.Тебальди, Г.Вишневская, Р.Жаманова, А.Нетребко (Татьяна); П.Лисициан, М.Магомаев, Е.Серкебаев, Д.Хворостовский (Онегин); В.Атлантов, И.Козловский, С.Лемешев, З.Соткилава, Ә.Дінішев (Ленский) және т.б. опера жұлдыздары жарқырады.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР
Евгений Онегин – Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Татьяна – Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Владимир Ленский – Жан ТАПИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ольга – Дина ХАМЗИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ларина – Гүлжанат САПАҚОВА
Князь Гремин – Евгений ЧАЙНИКОВ
Күтуші – Салтанат МҰРАТБЕКОВА
Трике – Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ
Зарецкий – Ержан САИПОВ
Рота бастығы – Шыңғыс РАСЫЛХАН
Егде жастағы Татьяна – Мәнсия ЕСТЕКОВА
Татьянаның жаны – Әнел АБДУЛЛИНА
Ольганың жаны – Ұлмекен БЕКТАЕВА
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ,
МИМАНСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ
Ұзақтығы – 3 сағат 10 минут (екі үзіліспен)