rebranding

Классика энергиясы

2016 / 2017                   Үлкен зал             IV маусым

20 маусым * сейсенбі * 19.00

Солистер:

Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсақожаева (скрипка)

Ресейдің Халық әртісі Сергей Ролдугин (виолончель)

ҚазҰӨУ Еуразия симфониялық оркестрі

ҚазҰӨУ скрипкашылар ансамблі

Дирижер – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Юрий Ткаченко

 

Бағдарлама:

1 бөлім

Т.Қажығалиев. «Дала аңызы» сюитасынан «Қыз қуу» симфониялық скерцосы

П.Чайковский. № 5 симфония, ми минор, ор. 64

2 бөлім

Й.Брамс. Скрипка, виолончель мен оркестрге арналған ля минор концерті, op.102

Ф.Крейслер. Г.Пуньяни стиліндегі Прелюдия және Аллегро

 

Айман Мұсақожаева – Қазақстанның Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, қоғам қайраткері, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің әділқазылар мүшесі.

Сергей Ролдугин – Ресейдің Халық әртісі, Александр Невский орденінің кавалері, виолончельші, дирижёр, музыка ұстазы, Мариин театрының солист әрі дирижёрі, Санкт-Петербург консерваториясының профессоры. 2006 жылдан бастап оның бастамасы бойынша құрылған Санкт-Петербург Музыка үйінің көркемдік жетекшісі.

Юрий Ткаченко – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, профессор, Мәскеу мемлекеттік филармониясының дирижері, Ростов академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері. П.И.Чайковский атындағы халықаралық жасөспірімдер байқауының ресми дирижері.

Еуразия симфониялық оркестрі Қазақстанның Халық әртісі, профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева бастамасымен 2008 жылы құрылған. Оркестр Қазақстан, Ресей, Еуропа және Азия елдерінің көптеген концерт залдарында Саулюс Сондецкис, Фуат Мансуров, Айдар Торыбаев сияқты белгілі дирижерлер жетекшілігімен өнер көрсеткен.