Джованни Баттиста Перголези Stabat Mater

2022 / 2023           К.Байсейітова атындағы Камералық зал            X маусым

2 сәуір * жексенбі * 15.00

 

Джованни Баттиста Перголези

Stabat Mater

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

 

Алғаш рет «Астана Опера» театрының сахнасында Пасха католиктік мейрамының Қасіретті аптасы қарсаңында діни музыка сүйер қауым үшін әлемдік музыка мәдениетінің жауһары – Джованни Перголезидің Stabat Mater шығармасы шырқалады.

«Stabat Mater Dolorosa» «Аза тұтқан ана» деп аударылады. Мәтіннің бірінші бөлімінде Дева Марияның Иисус Христосты керу кезіндегі қайғысы баяндалады, екіншісінде – күнәһардың Құдай анаға мінәжат етуі, соңында өзіне құтқарушы жұмақ сыйлауы туралы өтінішпен аяқталады.

Stabat mater dolorosa авторы тосканалық ақын, XIII ғасырда өмір сүрген монах-францискандық Якопоне да Тоди деп есептеледі.

Джованни Перголезидің жүректі тебірентер жарқын мұңға толы Stabat Mater музыкасы көңіл дертіне қарамастан, алғашқы дыбысынан-ақ өзінің қуанышқа деген шынайы ұмтылысымен таңғалдырады. Ол адам жанының ең нәзік қылдарына әсер етіп, айықтырады.

Өз жанрында көптен бері сұранысқа ие шығармалардың біріне айналған бұл туынды «Астана Опера» театры және Қазақ ұлттық өнер университеті солистері мен ұжымдарының бірлесіп орындауында шырқалады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Солистер:

Сопрано – Әсем СЕМБИНА

Альт – Батыржан СМАҚОВ

 

«Астана Опера» театрлық студиясының балалар хоры

Хормейстер – Алтынғаным АХМЕТОВА

 

Anima di barocco ішекті аспаптар ансамблінің құрамы:

Мадина КАПЕУ (скрипка)

Мадина БЕКМӘДИЕВА (скрипка)

Гүлнара ТІЛЕУҒАБЫЛОВА (альт)

Әлішер ДҮТБАЕВ (виолончель)

Қанат ЖАНДӘУЛЕТОВ (контрабас)

Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (клавесин)

Көркемдік жетекшісі – Раиса МҰСАҚОЖАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

 

Хормейстер – Ширин АХМЕДЖАНОВА

Концертмейстер – Ирина КУРГУЗКИНА

 

 

БАҒДАРЛАМАДА:

Дж.Перголези. Сопрано, альт, хор, ішекті аспаптар ансамбліне арналған «Stabat Mater», оp. 77