Түймеқыз
«Түймеқыз» моно-спектакліне арналған пьесаны Н.Насырова Г.Х.Андерсеннің ертегісі бойынша ҚР «Мәдениет саласының үздігі» актриса А.Айтемановаға арнап жазған. Спектакль мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына бағытталған.
Оқиға желісінде Түймеқыздың әртүрлі қоғам өкілдерінің тарапынан кемсітушілікке өзінің кішкентай пішінінің әсерінен емес, олардың кішкентай қызды өзгертіп, өздерінің үйреншікті өмір сарынына тартуға талпынысының әсерінен шеттетілгені туралы сыр шертіледі.
Ал Түймеқыз болса өзінің жүрегіне жақын, жанына бататын дүниені іздеген еді. Өз орнын тауып, Түймеқыз өзіне әрдайым арқау болған, махаббаты шексіз болған, анасындай жақсы көрген жан туралы еш ұмытпапты. «Есейіп, ер жеткен кезде, ұшып шыққан ұяларыңды естен шығармаңдар, себебі онда жанашыр болатын, шын жақсы көретін жандар күтіп отырады...!»