Google ad services
Билеты на мастер-классы Алматы

«Достар серті» мюзиклі

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік  ұйымы» негізінде құрылған «Astana Musical» театры қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Достар серті» мюзиклін ұсынады. Мюзикл желісі 60-70-жылдар кезеңінде өрбіп, еліміздің әр өңірінен арман қуып консерваторияға оқуға келіп, бір қалада тоғысқан төрт абитуриент жігіттің басынан кешкен қызықты оқиғаларын, жалындаған жастық шақтарын, адал достық пен нағыз махаббат хикаяларын баяндайды. Аталмыш мюзиклға қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев және «Дос-Мұқасан» тобының әндері арқау болмақ. Сонымен қатар, әлемдік музыканың жарық жұлдызы «Битлз» тобының репертуарындағы шығармалар және жаңа стилистикалық бағытта жазылған композициялар орындалатын болады. Либретто авторы - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков, аудармашы, драматург - Әннас Бағдат. Қойылымның музыкасын жазған танымал дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - Артур Оренбургский. Мюзикл режиссері - Еслям Нұртазин.