Достар

Ертегі оқиғасы  ылғи көңіл-күйі жоқ болып, ұнжырағасы түсіп жүретін Қодықтың айналасында өрбиді. Қодықтың бұл күйіне ұшып-қонған жеңілтек мінезді, сотанақ Маймыл да барынша үлес қосып бағады. Алайда Қодықтың достары да жоқ емес – мейірбан Торай, өжет Қораз досын сары уайымнан арылтып, бір сілкіндіріп тастау үшін Қодықтың кезектен тыс туған күнін жасауды ойлап табады. Жарытып сыйлық жасай алмаса да, достардың осы мақсаттағы құлап-сүрінген тірлігі, Маймылдың өзіне де ой салып, ол да Қодықтан кешірім сұрап, достық қолын ұсынады.

Ертегі кішкентай көрермендерін тіл-табысып өмір сүруге, достар табуға және оларды құрметтеуге үндейді