Дон Паскуале
«PICCOLO» ТЕАТРЫ
Гаэтано Доницетти
«Дон Паскуале»
екі бөлімді драма-буффа
Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)
Либретто авторы – Дж.Руффини, А.Анеллидің «Сэр Марк Антонио» либреттосының желісімен
Бүгінгі таңда таусылмас өткірлігімен, жайнақылығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін «Дон Паскуале» драма-буффасы ең танымал жиырма итальяндық операның құрамына енеді және жыл сайын әлемнің 150-ден астам театрларында сахналанады.
«Дон Паскуаленің» жазылу жылдамдығы бойынша аңыздар таралып жүр. Түрлі дереккөздерде 11 күннен бастап екі-үш аптаға дейінгі мерзімдер аталуда. 27 жыл ішінде өзінің 74 операсын жазған Доницетти үшін бұл – өте жылдам уақыт. Сірә, композитор ерекше құлшыныспен жұмыс жасаған болар.
Ғашық шалдың оқиғасы арқау болған сюжет Доницеттидің замандастарына көптеген әдеби туындылардан таныс еді, сондай-ақ XVI ғасырдан бастап театр сахнасында классикалық комедияларда әрі опера-буффаларда қойылып жүрді.
Шалды үйлену ойынан айныту үшін достары сыпайы «монастырь тәриеленушісінен» әп-сәтте нағыз долыға айналып, күйеуін есінен тандыратын әйелмен жалған неке қиюын ұйымдастырады. Мұндай жағдайлар барлық уақытта да орын алады.
«Дон Паскуаледе» барлығы бар – махаббат, қулық пен қатал ойын, тапқыр шешімдер, киім ауыстырумен байланысты күлкілі жағдайлар, түңілу мен әшкерелеу... Әлбетте, ең бастысы – Гаэтано Доницеттидің нағыз музыкалық жауһары!
Бір сөзбен айтқанда, көрермен қауымды өмір мен театр мерекесі күтуде!
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Норина – Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері
Эрнесто – Артур ГАБДИЕВ / Нарұл ТОЙКЕНОВ
Малатеста – Ержан САИПОВ / Сұлтан БАҚЫТЖАН
Дон Паскуале – Евгений ЧАЙНИКОВ
Карлито – Талғат АЛЛАБИРИНОВ / Ерұлан КӘМЕЛ
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ ЖӘНЕ МИМАНСЫ
КӨРКЕМДІК-ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:
Қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дирижер – Элмар Бөрібаев
Қойылымның көркемдік жетекшісі – Алла Симонишвили
Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші – Манана Гуниа
Режиссер – Еренбақ Тойкенов
Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жобаның техникалық директоры – Виктор Караре
Жарық бойынша суретші – Сергей Кулак
Опера труппасының директоры – Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.