«Дон Кихот»
Людвиг Минкус
«Дон Кихот»
Прологы бар 2 бөлімді (5 көріністі) балет
Хореография авторлары Мариус Петипа және Александр Горский
1869 жылы М.Петипа М.Сервантестің «Дон Кихот» романының сюжетіне құрылған балет жасады. Испанияның көптеген қалаларын аралап, бұл елдегі би фольклорының дәстүрлері мен ерекшелігін бойына сіңірген хореограф сахнада оның барлық құндылығы мен өзгешелігін көрсете білді.
Алайда, оның алдындағы авторлар секілді Петипа да ұлы әдеби дереккөздің екінші томындағы бай Камачоның (балетте – Гамаш) сұлу Киттериямен (Китри) болмай қалған үйлену тойы туралы, арудың ауылдағы сүйіктісі – бозбала Базилио (Базиль) жайлы баяндалатын екі тарауын ғана пайдаланды. Желтоқсан айының соңында Мәскеу Үлкен театрында тек Дульцинея ғана классикалық би билеп, қалған кейіпкерлері өзіне лайықты рөлдерін сомдаған көңілді спектакльдің премьерасы өтті.
1871 жылы Петербор Үлкен театрында қойылған балетке Петипа жаңа редакция енгізді. Ал 1900 жылы Петипа хореографиясының негізі мен жалпы жоспарын сақтай отырып, Александр Горский «Дон Кихоттың» өзіндік қойылымын сахналады. Минкустың музыкасына А.Симонның испан биі мен Э.Направниктің фандангосы қосылды. Горский еңбегінің арқасында балеттегі дәстүрлі симметрия орнына, көпшілік көріністердің жаңаша шешімі табылды. К.Коровин, А.Головин, Н.Клодттың жаңашыл сценографиясы да сәтті болды. Дәл осы қойылым Үлкен және Мариинский театрларымен қатар, әр елдердің театр сахналары үшін спектакльдің классикалық үлгісіне айналды.
КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Китри – Мадина ӨНЕРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Мөлдір ШӘКІМОВА (дебют)
Базиль – Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Арман УРАЗОВ
Дон Кихот – Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ
Санчо Панса – Бостан ҚОЖАБЕКОВ
Эспада, бас тореадор – Жәнібек АХМЕДИЕВ
Көше бишісі – Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ / Аделина ТУЛЕПОВА
Лоренцо – Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ
Гамаш – Олжас ТАРЛАНОВ (дебют)
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі
Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Дирижер – Ерболат Ахмедьяров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио
Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино
Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли
Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани
Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Ескеруді сұраймыз: спектакльге жануарлар (жылқы мен есек) қатыстырылады
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.