Scorpions в Алматы

«DOMBRAsadors live»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 4 желтоқсан, 2023

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

 

«Астана Опера» театры «DOMBRAsadors live» бірегей жобасын ұсынады, оған шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы елшілері мен «Астана Опера» театрының әртістері қатысады.

Адамдардың  өмірі мен болмысын танытуының ажырамас бөлігіне айналған музыка түрлі халықтың мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын айшықтайды. Ұлты мен тілдік тегіне қарамастан, музыка тілі баршаға түсінікті. Басқа өнердей емес, музыка адамның жан дүниесіне, жүрегіне және санасына бойлап, сезім мен эмоцияға бөлей алады.

Бағдарламада Й.Гайдн, Л.Бернстайн, Х.Урбиола, К.Гонсалвеш, Х.М.Родригес пен Р.Фирпо, Л.Мигель, Б.Ховардтың туындылары, сондай-ақ испан фламенкосы, түрік халық әні, кинофильмдердің музыкасы және т.б.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Мария де Фатима Мендес, Португалияның Қазақстан Республикасындағы елшісі (вокал)

Хорхе Урбиола, Испания Корольдігінің елшісі (аккордеон)

Наут ван Вауденберг, Нидерланд Корольдігі елшісінің орынбасары (фортепиано)

Мехтхильд Зассе, Германия елшілігінің бірінші хатшысы (виолончель)

Эркин Семих Озтюрк, Түркия елшілігінің атташесі (консулдық бөлімінің меңгерушісі) (баглама)

Филипп Санд, Францияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің атташесі (электрондық музыка)

Константин Жигалов, ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, сыртқы істер экс-вице-министрі (вокал)

Ғалым Ахмедьяров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (домбыра)

Ақерке Ахметова (фортепиано)

Майя Бекназар (скрипка)

Диана Макина (вокал)

Александр Геер (гитара)

Владислав Зотов (перкуссия)

Анна Уварова (вокал)

Ибраим Халелов (би)

Динара Шамуратова (би)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.