«САМУРАЙ ҚЫЗЫ» | жапон халық ертегісі | II Almaty Puppet Festival – 2024

Әрбір адамның жүрегінде таза махаббат пен мейірімділік бар. Міне, осыны спектакль кейіпкерлері көрермендерге жеткізеді. Сиқырлы тостағанның арқасында Уме мен Итаро сенім мен адалдықтың көмегімен бақытқа жетуге болатынын түсінеді.

Бұл қойылым «Үлкен қалпақ киген Химе» атты жапон халық ертегісінің желісі бойынша жасалған және балалар мен ересектерге де арналған. Спектакльді жасау үшін Такеда жапон қуыршақ театрының әдістері қолданылды, ал қуыршақтар Жапонияның түпнұсқа материалдарынан жасалған.